Астанада конькимен жүгіруден ел чемпионаты басталды

890

Астанада конькимен жүгіруден ел чемпионаты басталды

Қазақстан конькишілері бүгін Астанада бас қосып, ел чемпиондарын анықтауға кірісті, деп хабарлайды 24.kz.

Маусымның қорытынды жарысына 8 өңірден 130-ға жуық спортшы жиналды. Олардың арасында Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға қатысқан қыз-жігіттер де бар.

Жарыстың алғашқы күні 4 қашықтық бойынша сайыстар өтті. Әйелдер 500 және 3000 метрге жарысса, жігіттер 500 және 5000 метрде бақ сынады. Жарыстың жалпы қорытындысы ертең белгілі болады. Чемпионат аяқталғаннан кейін арнайы отырыста отандық коньки спорты талқыға түседі. Салаға жауапты мамандар конькишілердің соңғы нәтижелері көңілден шықпайды дейді.

"Ақырғы Олимпиада ойындарында біздің конькишілер жақсы нәтиже көрсетті деп айта алмаймыз. Сондықтан осы чемпионат біткеннен кейін жаттықтырушылар кеңесі болады. Федерация отырысы болады. Сол кезде осы коньки спортының дамуына ары қарай не жасау керек деген ұсынысты ҰОК береді", - дейді ҚР ҰОК спорт дирекциясының жетекшісі Елсияр Қанағатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу