Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары әскери бөлімдерді тексерді

560

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштеріне қарайтын әскери бөлімдерде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары әскери бөлімдерді тексерді Фото: Қорғаныс министрлігі

Генерал-майор Асқар Мұстабеков әскери бөлім командирлерінің инфрақұрылымды одан әрі дамыту, материалдық-техникалық базаны жетілдіру, жауынгерлік және арнайы даярлық нәтижелері туралы баяндамаларын тыңдады.

Арнайы операциялар күштерінің нұсқаушылары оған әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеру машықтарын жетілдіретін оқу-жаттығу кешенінің қалай жабдықталғанын көрсетті.

Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы Қорғаныс министрінің орынбасарына Қарулы күштерді цифрлық трансформациялау және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстары жайлы мәлімдеді. Цифрлық офицерлер басқару мен әскери қызметшілерді даярлау үдерістерін жетілдіруге арналған Centrum бағдарламасы мен "Арнайы операциялар күштері жауынгерінің жеке профилі" жобасын таныстырды.

Генерал-майор Асқар Мұстабеков әскерге жуырда келген сарбаздармен кездесіп, олардың қызметі мен тұрмыс жағдайына, әскери ортаға бейімделу барысына, моральдық-психологиялық күйіне және қойылған міндеттерді орындауға дайындығына мән берді.

Сапар соңында Қорғаныс министрінің орынбасары тәрбие және идеологиялық жұмысты барынша жетілдіру, әскери тәртіпті нығайту және бөлімдердегі қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу