Астанада көше ортасында экскаватор өртеніп кетті

145

Өрттің салдарынан көлік қозғалысы тежеліп, куәгерлердің бірі өртті сөндіруге тырысты. 

Астанада көше ортасында экскаватор өртеніп кетті Фото: astanovka98

Астанада 17 сәуірде Қабанбай батыр көшесі бойында экскаватор өртенді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Астана қалалық ТЖД Zakon.kz сайтына оқиға орнына сағат 17:30-да өрт сөндірушілер келіп жеткенін, өрттен ешкім зардап шекпегенін жеткізді.

"Өрт сағат 17:37-де оқшауланып, 17:49-да толығымен жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы және Астана қаласы ТЖД-ның екі техникасы жұмылдырылды", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу