Астанада көше саудасын дамыту қолға алынуда

1021

Астанада көше саудасын дамыту қолға алынуда

Астанада өз ісін ашып немесе бизнесін кеңейткісі келетін азаматтар үшін "1000 орын – көше саудасы" бағдарламасының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Екі жыл бұрын астаналық әкімдікте шағын және орта бизнес субъектілері үшін "1000 орын – көше саудасы" бағдарламасы әзірленген болатын. Бағдарламаның мақсаты - қызмет көрсету саласының сапа деңгейін көтеру, көше саудасын заманауи форматқа келтіру. Өз ісін енді бастап келе жатқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде, соның бір айғағы ретінде көшеде сауда-саттық жүргізу үшін 7 жылға жалға алумен дайын дүкеншіктермен жабдықталған арнайы жер учаскелері бөлінген болатын. Екі жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлермен бірнеше мыңдаған келісімшарт жасалды. Осылайша Астана қаласының көшелеріндегі сауда-саттық жүйесі жаңа қарқын алды. Бағдарламаның іске асуы арқасында заманауи форматқа сәйкес келетін көше саудасының нысандары күннен-күнге көбейіп келеді. Қоғамдық тамақтану орындары, балмұздақ сатылатын доңғалақты дүкеншіктер, түрлі гүл, кәдесый дүкендері мен нан және тоқаш, сондай-ақ көкөніс өнімдерінің дүкеншіктері қаланың сәулет келбетіне сәйкестендіріліп жасалды. Бұл дүңгіршектер мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу