Астанада көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік ел аумағынан шығарылды

156

Тексеру нәтижесінде оның елордадағы жеке фитнес-залдардың бірінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды.

 Астанада көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік ел аумағынан шығарылды Фото: ПД

Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген немесе болу және еңбек қызметі шарттарын бұзған шетелдік азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылдануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, көші-қон бақылауы барысында Федеративтік Нигерия Республикасының 40 жастағы азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды. 

Аталған құқық бұзушылық үшін шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін тиісті шаралар қабылданды. Сот шешімімен құқық бұзушы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды.

Полиция көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тартқаны үшін айыппұл және ел аумағынан шығару секілді өзге де жауапкершілік шаралары көзделгенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу