Астанада криптовалютамен төлем қабылдайтын пиццерия ашылды

847

Астанада криптовалютамен төлем қабылдайтын пиццерия ашылды

Астана тұрғындары мен қонақтары криптовалютаға пицца сатып ала алады. Қазақстандық фаст-фуд нарығына бұл жаңалықты "Nexxiopizza Астана" директоры Арслан Айнакулов әкелді. Бұл туралы Капитал басылымы жазды, деп хабарлайды naryk.kz.

Астанада бұл дәмхана 8 ай бұрын ашылғанымен, бренд әлем нарығында 15 жылдан бері жұмыс істеуде. 

Nexxiopizza франшизасын сатып алған Арслан өз айналымындағы қаражаттың 3%-ын беріп отырады.

Дәмхана қазірде күніне 150 пицца сатады. Ай сайынғы өсім 20−30%.

Сандық валютаның қарқынды өсуі криптовалютамен төлем қабылдауға итермеледі дейді дәмхана иесі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу