Астанада құны 5 млн теңге мұнай өнімінің заңсыз айналымы анықталды

411

Бензин мен дизель отыны құжатсыз тасымалданған.  

Астанада құны 5 млн теңге мұнай өнімінің заңсыз айналымы анықталды Фото: inbusiness.kz

Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті рейдтік іс-шараларды өткізу барысында жалпы сомасы 5 миллион теңге (38 мың литр) тауарға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемей бензин мен дизель отынының заңсыз айналымы фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салық төлеушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-1-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалды және процестік шешім қабылдау үшін сотқа берілді.

"Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды шығару міндетті түрде жүргізілетінін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу