23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлау күні Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.
Бас қаланың әкімдігі бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауына және сайлау учаскелеріне баруына қолайлы жағдай жасау үшін ұйымдастырылып отырғанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу