Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үйде кран құлап, жұмысшы қаза тапты

169

Қайғылы жағдай 18 шілде кешкі сағат 20:00 шамасында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үйде кран құлап, жұмысшы қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Оқыс оқиғаға қатысты BI Group құрылыс компаниясы түсініктеме беріп, кран техникалық жағынан дұрыс күйде болғанын мәлімдеді.

– Кран техникалық жағынан дұрыс күйде болды және барлық техника сияқты жұмыс басталғанға дейін міндетті тексеруден өтті. Оқиға болған кезде кран операторы жұмысты аяқтап, жұмыс күні аяқталуға жақын болды. Өкінішке қарай, кранның құлауы салдарынан бір адам қаза болды. Төтенше жағдай қызметтерінің дауыл туралы ескертуі оқиға болғаннан кейін ғана келді. Біз қаза болған адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, – делінген компания таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек BI Group құрылыс компаниясы қаза болған адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

– Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері мен тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр. Біз қаза болған адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетіп, тергеу нәтижелері бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Қаза болған адам мердігер ұйымның қызметкері болған, – деп атап өтті құрылыс компаниясынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу