Астананың Нұра ауданында, Тұран даңғылы бойында салынып жатқан нысан аумағында контейнер өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.
"Сондай-ақ өрттің көршілес контейнерге таралу қаупі жойылды. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ҚР ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу