Астанада Құрылысшылар күні қарсаңында сала мамандары марапатталды

291

Қалада сапалы әрі қауіпсіз құрылысқа басымдық беріліп жатқаны атап өтілді.  

Астанада Құрылысшылар күні қарсаңында сала мамандары марапатталды Фото: gov.kz

Астанада Құрылысшылар күніне орай құрылыс саласының үздік мамандарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жазылған.

Салтанатты жиында елорданың құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға Астана қаласы әкімінің, қала әкімінің орынбасарының және қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының алғыс хаттары табысталды.

Шара барысында тұрғын үй, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салуға атсалысып жүрген құрылысшылардың еңбегі ерекше аталып өтті.

Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Ғани Тажиев құрылысшылардың еңбегі қаланың қарқынды дамуы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететінін айтты.

Оның сөзінше, бүгінде елордада жаңа тұрғын үйлер мен түрлі нысандар бой көтеріп жатыр. Ал жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес сапалы әрі қауіпсіз ғимараттар салуға басымдық берілуде.

Іс-шара соңында марапат иелері көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ алдағы уақытта да Астананың дамуына үлес қосып, сапалы жұмыс атқара беретіндерін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу