Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 нысан биыл аяқталатын болады

494

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz . 

Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 нысан биыл аяқталатын болады Фото: gov.kz

Ол өзінің тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесіп тұратынын айтады.

"Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді. Мәселен "Ақерке-2" тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы да болмаған еді, ал "Пана" тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған", - деп жазды елорда әкімі.

Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізгенін айтып өткен әкім, қалған нысандарды аяқтау міндеті де тұрғанын атап өтті. 

"Бұл 30-дан астам тұрғын үй кешені, онда мыңдаған отбасы жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспары бар. Биыл осы нысандарды аяқтауды тапсырдым.Қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен таныстым. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында", - деп жазды Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу