Астанада Қытай дәстүрлі медицина орталығы ашылды

1192

Астанада Қытай дәстүрлі медицина орталығы ашылды

188 жылдан бері келе жатқан дәстүрлі Қытай медицина орталығы Астанада ашылды. Бүгінде әлемнің 140 елінде мойындалған Шығыс медицинасы осылайша қолжетімді болмақ. Бейжің Тунжэньтан деп аталатын орталықтың ашылу салтанатына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты. Айтулы шара екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Әзірге орталықа Қытайдан келген 5 маман жұмыс істейді. Қызмет ақылы түрде жүзеге асады. Алуан түрлі массаждар, ине-рефлекс терапиясы, банкалық массаж, психо-физиологиялық ем түрлері ұсынылады. Одан бөлек, орталық жанында әлемге танымал TongRenTang емдік шөптер дәріханасы жұмыс істейді. Бұл Қазақстан аумағында ашуға рұқсат берілген бірден бір дәріхана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу