Астанада Қызылорда облысының мәдени күндері өтеді

334

Іс-шаралар 8 және 9 желтоқсан күндері ұйымдастырылады. 

Астанада Қызылорда облысының мәдени күндері өтеді Фото: syrboyi.kz

Елорданың 25 жылдығына орай, 8 және 9 желтоқсан күндері Астана қаласында "Сұлу Сырдан ару Астанаға" атты мәдени күндері өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, жоспарланған іс-шаралар бағдарламасы аясында 8 желтоқсан күні сағат 19:00-де "Жастар" театрының сахнасында Қызылорда қаласынан келген әртістер Шыңғыс Айтматовтың "Жәмила" спектаклін қояды.

9 желтоқсан күні сағат 16:30-да Бейбітшілік және келісім сарайында "Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі" атты қойылым өтеді.

Сондай-ақ, сағат 17:00-де Қызылорда облысының өнер майталмандарының гала-концерті басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу