28 сәуірден бастап Астана қаласының оқушылары мен жеңілдік санаттарына арналған LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Картаны дайындау құны – 1200 теңге.
"LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтары ала алады. Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушы өтінім беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді", – делінген хабарламада.
Өтінім беру тек онлайн форматта transcard.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.