Астанада LRT жобасының екінші кезегі аясында тағы 20 станция мен 26,51 километр жаңа желі салу жоспарланып отыр. Жаңа желі үш бағытта "Астана-1" вокзалы, Жағалау тұрғын алабы және Қосшы қаласы салынбақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- Оң жағалау: Сарыарқа, Жеңіс проспектілері мен "Астана-1" вокзалы маңында 5 станция салынады.
- Қосшы бағыты: 9 километрлік бұл учаскеде 3 станция жұмыс қарқынды жүріп жатыр – қазір тіректер мен эстакада тұрғызылуда.
– Қазір оң жағалауда геологиялық ізденіс жұмыстары мен құрылыс-монтаж жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр. Tarlan Astana желісін ұзарту учаскесіндегі негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары геологиялық зерттеулер аяқталғаннан кейін басталады, – деп хабарлады CTS.
Жұмыстың құны мен нақты аяқталу мерзімі әзірге бекітілмеген, ол қаржыландырудың уақтылы бөлінуіне байланысты болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу