LRT желісінің құрылысы үшін Есіл өзеніне бөгет салынады

207

Бұл туралы Астана қалалық әкімдігі хабарлады.

LRT желісінің құрылысы үшін Есіл өзеніне бөгет салынады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қазір "Тұлпар" көпірінің маңында LRT-ның жаңа көпірін салуға дайындық жұмыстары басталып кетті. Құрылыс техникасы жұмыс істеу үшін Есіл өзенінің арнасында уақытша топырақ бөгет тұрғызылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

CTS компаниясының дерегінше, құрылыс өзен арнасын түбегейлі өзгерту үшін емес, тек құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қажет.

"Бөгет өзен арнасын жабуды көздемейді. Есілдің ағысы сақталады, су қалыпты режимде өте береді. Жұмыстар жобалық шешімдер мен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады CTS өкілдері.

Дегенмен CTS уақытша бөгетті тұрғызу қанша уақыт алатынын, көпір құрылысының нақты қашан басталатынын және учаскедегі жұмыстар қай мерзімде аяқталатынын нақтыламады.

Жаңа көпірдің құрылысы Астанадағы LRT желісін кеңейтумен байланысты. Жобаның екінші кезегі үш бағытты қамтиды: Қосшы қаласына, "Жағалау" шағын ауданына және оң жағалаудағы "Астана-1" теміржол вокзалына қарай.

Барлығы 20 жаңа станция салу жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу