Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында белгісіз ер адамның егде жастағы тұрғынға тап берген видеосы әлеуметтік желіде таралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға куәгерлері бұзақының қарияны соққыға жыққаннан кейін, араша түспек болған әйелдің артынан барып, оны да ұрып-соққанын айтады.
Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша изоляторға қамалды. Мас күйде болған 28 жастағы ер адамның кіреберістен шыға берісте егде жастағы ер адамға дене жарақатын салғаны анықталды. Бұдан бөлек, ол зардап шеккен азаматқа араша түсуге тырысқан 41 жастағы әйелді де ұрып-соққан", – деді департамент өкілдері.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.