Астанада мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші қайта ұсталды

267

Көлік айыппұл тұрағына қойылды.  

Астанада мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші қайта ұсталды Фото: 24.kz

Астанада полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция Абылай хан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында "Kia Rio" автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде болғаны сот-медициналық сараптама арқылы анықталды.

Белгілі болғандай, азамат бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған. Қазір ол бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу