Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізілуде

1222

Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізілуде

Астанада осы жылдың сәуір айынан басталған маса мен шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық өңдеу  қазан айына дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Дәрілеу жұмыстарын жүргізу үшін ең қолайлы уақыт қар еріп, ауа температурасының тұрақтанған кезеңі, яғни бұл жұмыстар сәуір айында басталып қазан айына дейін жалғасады.

Күн райы жылынған соң жәндіктер ақпайтын суларда, шалшықтарда, су тоғандарында жақсы жетіледі. Олардың түлеп-жетіліп шыбын-шіркейге айналу барысы жүргенше ерте көктемде оларды улау жұмыстары жүргізіледі.

Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп зиянкестердің дернәсілдері көп шоғырланған жерлер анықталып, оны жою, дәрілеу жұмыстары қолға алынады.

Маса мен шыбын-шіркейді улау жұмыстары жыл сайын сәуір айында, бірінші кезекте қала маңындағы су тоғандарынан, қамыстардан басталып, кейін қала ішіндегі көк майса алаңдарға да жасалады.

Қала аумағында дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу үшін механикалық бүріккіш роторлар, дезмашиналар пайдаланылады, ал қала маңы елді-мекендерінде шыбын-шіркейді улау үшін термогенераторлы тұман қолданылады.

Зиянкестердің түнгі мезгілде өте белсенді болуына байланысты оларды улау кешкі және түнгі мезгілде де жүргізіледі.

Бұл жұмыс сонымен қатар, тұрғын үй кешендерінің жертөлелерінде де жүргізілуі тиіс. Сондықтан тұрғындар үй-жайларындағы жертөлелерінде шыбын-шіркейді улау, олардың дернәсілдерін жоюға байланысты жұмыстардың жүргізілуін ПИК, ЖШС, ЖК талап етулері тиіс.

Өңдеу күн райын ескере отырып жүргізіледі (ауа температурасы, жауын-шашын, желдің бағыты мен жылдамдығы және т. б.).

Өңдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы және ЕАЭО-на кіретін елдердің әдістемелік нұсқауларында бекітілген және рұқсат етілген дезинсекциялық препараттар қолданылады.Шыбын-шіркейді улаумен айналысатын ұйым жұмыс барысында барлық сақтық шараларын сақтауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу