Астанада мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

118

Бүгін Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясында депутат Ерлан Ерғазыұлы Дакеновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды Фото: gov.kz

Бұл туралы Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков баяндады.

– Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 20-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы және 4-тармағына сәйкес, депутат Ерланұлы Ерғазы Дакеновтің өтініш хат беруіне байланысты, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 14 шілдеде тиісті шешім қабылдады. Сонымен қатар аталған депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға ұсыныс енгізілді, – деді Бейсембай Қуанышұлы.

Осылайша, сессия барысында осыған байланысты қалалық мәслихат депутаттары тиісті шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу