Астанада мефедрон таратқан 19 жастағы екі студент сотталды

208

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.  

Астанада мефедрон таратқан 19 жастағы екі студент сотталды Фото: Depositphotos.com

Тергеу барысында 19 жастағы екі студенттің "Telegram" мессенджері арқылы есірткі заттарын таратуға бағытталған қылмыстық схемаға кіргені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оларды ұстау барысында аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

Сот үкімімен оларға 7 жыл және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу