Қалалық полицияның мәліметінше, 24 қарашада кешкі 18:30 шамасында 14 жастағы жоғалған қыздың анасы полицияға хабарласып, мән-жайды айтқан. Қыз үйден шығып кетіп, сол күйі хабарсыз кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицейлер еріктілермен бірлесіп, жақын маңдағы аумақтар мен жағалауды аралап оны іздеді.
Куәгердің айтуынша, таңғы сағат 6-да мектеп оқушысы көпірден өзенге секіріп кеткен. Содан құтқарушылар қызды бірнеше сағат бойы іздеп, денесін тапты.
"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу