Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

311

Кітаптардан құрастырылған бірегей туынды мектептің ата-аналары мен оқушыларының қызығушылығын тудырып отыр.

Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектептің педагогі Жарқынәлі Ошаев жеті мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін де қолөнер туындыларымен көпшілікті таңғалдырған ұстаз бұл жолы өзі еңбек ететін білім ордасында ерекше арт-нысан жасады. Ол – биіктігі 8 метр болатын кітап мұнарасы. 

Мұнараның ерекшелігі – оның шексіздік әсерін қалыптастыруында. Үлкен залдың ортасында орналасқан құрылым сырт көзге бірнеше метрден аспайтындай көрінеді. Алайда ішіне үңілген сәтте мұнараның ұшы зал төбесінен әлдеқайда биікке созылып жатқандай әсер қалдырады.

Бұл оптикалық иллюзия еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен жасалған. Экспонат авторы осындай ерекше шешім арқылы кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлемінің есігін ашатынын жеткізгісі келген.

Жобаны іске асыру барысында қауіпсіздік талаптары толықтай ескерілген. Мұнараны құрастыруға қажетті кітаптарды педагогтер мен оқушылар жинап әкелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу