Астанада мереке күндері коммуналдық қызметтер демалыссыз жұмыс істейді

986

Астанада мереке күндері коммуналдық қызметтер демалыссыз жұмыс істейді

Мереке күндері коммуналдық қызметтер демалыссыз жұмыс істейтін болады.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Астана су арнасы" кәсіпорнында тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп, қосымша бригадалар ұйымдастырылады. Компанияның хабарлауынша, барлық қызметтер жұмыс істейді. Апат орын алған жағдайда кез келген уақытта диспетчерлік қызметке хабарласуға болады.

"Астана-Тазалық" ЖШС Жаңа жыл мерекесі күндері екі ауысыммен жұмыс істейді. Қала көшелерін жинауға сыпыру, жинау машиналары мен қар жинауға арналған техника шығарылады. Тротуарлар мен гүлбақтарды санитарлық тазарту жұмыстары сағат 6:00 - 15:00 аралығында жүрізіледі. Мұнымен қоса, тиісті жұмыстарға қосымша бригадалар тартылады.

"Астана-Тазарту" ЖШС қызметкерлері 31 желтоқсанда сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 1 қаңтар күні қоқыс шығару жұмыстары сағат таңғы 5-те басталады. Қалған күндері әдеттегідей жұмыс істейді.

Айта кетейік, Астана қаласының ішкі істер департаменті де 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін, сондай-ақ 7-8 қаңтар күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Барлығы 1500 полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу