Астанада мешіттерге баратын қосымша автобустар іске қосылды

1065

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.

Астанада мешіттерге баратын қосымша автобустар іске қосылды Фото: muslim.kz

Астанада 11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында Тарауих намазынан кейін мешіттер жанынан арнайы автобустар жүреді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.
"Республикалық Бас мешіт" мешітінің бағыттары:

Целинный шағын ауданы;
Есу арнасы;
Республика даңғылы.

"Әзірет Сұлтан" мешітінің бағыттары:

"Спутник" супермаркеті;
Теміржол вокзалы;
"Көктал-1,2" елді мекендері.

"Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің бағыттары:

"Көктал-1,2" елді мекендері;
Теміржол вокзалы;
Мед. колледж.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бағыттары:

"Көктал-1,2" елді мекендері;
"Кирпичный"елді мекені.

"Рахымқызы Райса ана" мешітінің бағыттары:

"Рахмет" СО.

"Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу