Тексеруге қала тұрғынының зират аумағынан темір қоршау ұрланды деп шағымдануы негіз болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында металл айналымы саласындағы заңсыз қызметті анықтау және жолын кесу мақсатында жүргізілді.

Оны Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, қалалық Полиция департаменті және Сарыарқа ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Тексеру барысында оқиға орнында зираттардағы вандализм фактілеріне қатысы болуы мүмкін заттар – темір қоршау, темір бейіт белгілері, металл айқыштар, сондай-ақ темір үстелдер тәркіленді.
Аталған дерек бойынша тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.