26 тамызда Назарбаев университетінде жылсайынғы nFactorial Demo Day 2017 мобильді қосымшалар фестивалі өтті, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Көрермендер мен жоғары лауазымды қазылар алқасының назарына жаңадан әзірлеген мобильді қосымшалар ұсынылды.
Қазылар алқасында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәрен Абаев, Астана әкімі Әсет Исекешев, қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рақым Ошақбаев және т.б. қатысты.
Қала басшысы өзінің өзінің сөзінде бүгінде Астанада технологиямен тығыз байланысты көптеген жобалар іске асырылып жатқанын айтты. Осыған байланысты жастарды қолдау, гранттар мен тиісті жобаларды іске асыру өте маңызды.
Ұсынылған барлық өнімдер nFactorial Incubator бағдарламасының аясында құрылған және іске асырылған. nFactorial Incubator (N17R.com) бұл – дарындылар фабрикасы. Жоғары класты мобильді әзірлеушілер нарығы үшін 12 апталық қарқынды бағдарлама. Бағдарламаның 2 жылы ішінде 230-дан астам қосымша іске қосылды, 300-ге жуық мобильді әзірлеуші шығарылды.
Атап өткен жөн, nFactorial Incubator бағдарамасы бұл – қысқа мерзімдік емес,
Индустрия үшін әмбебаптарды дайындайтын 12 апталық қарқынды бағдарлама. 5 маусымнан бастап 26 тамызға дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін студенттер оқып, жұмыс істеді. Олар iPhone немесе Android үшін қосымшаларды әзірлеу және дизайнерлеу бойынша қарқынды курстан өтті. Әрі қарай әр студент өзінің жек жобасын құрумен айналысты.
12 апта бойы студенттерді Zero To One Labs студиясынан 20 әмбебап мобильді әзірлеуші оқытты.
Осы жылдың көктемінде аталмыш бағдарламаға қатысу үшін 760 өтініш келіп түсті. Олардың ішінен республика бойынша ең үздік деп 130-ы таңдалды. Іріктеуден өткендердің бәрі оқуға Астанаға келді.
Ғазиз Тұрсынбек (қола), Қадиша Дабаева (күміс), Ерсұлтан Сапар (алтын) биылғы жылдың жеңімпаздары атанды.
Фестиваль қорытындысы бойынша ең үздік қазақстандық қосымшалар App Store және Play Market қосымшаларында іске қосылатын болады.