Астанада насыбай қалдықтарын автобуста шашқан жолаушы 10 күнге қамалды

709

Ер адам ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды.  

Астанада насыбай қалдықтарын автобуста шашқан жолаушы 10 күнге қамалды Фото: polisia.kz/Видеодан скриншот

Елордада қоғамдық көлікте 52 жастағы Абдулла Ташматов насыбай қалдықтарын аяқ астына тастап, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сондай-ақ жолаушылардың ескертулеріне құлақ аспаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау және айналадағы адамдарға құрметпен қарау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Белгіленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу