Астанада насыбай өндіретін жерасты цехы жойылды

904

Астанада құқық қорғау органдарының қызметкерлері рейд барысында 2 тоннадан астам насыбай өнімін тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада насыбай өндіретін жерасты цехы жойылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада тыйым салынған темекі қоспасымен белсенді күрес жүргізілуде. Елорданың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүріп жатыр.

Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 70-ке жуық фактісін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарын анықтады.

Полицейлер сауда орындарын тексеріп, таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Рейдтік іс-шаралар апталығында елорданың бес ауданында 500-ден астам сауда орны тексерілді.

Рейд барысында Байқоңыр ауданында полиция қызметкерлері насыбай өндіретін цехты тапты. Тәркіленген заңсыз өнімнің жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері рейд барысында Омаров және Асан Қайғы көшелерінің қиылысындағы жер үйде 2 тонна насыбай сақталғанын анықтады.

Нәтижесінде заң бұзушыларға 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық өнімдер тәркіленді.

Айта кетейік, елорданың сауда орындарында рейд жұмыстары тұрақты түрде жүруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу