Астанада немістің тот басуға қарсы технологиясы 6 ай бойы сынақтан өткізіледі

763

Құбырдың айналасында орнатылған арнайы сақина құбырлардан және тиісті жабдықтан қақ, тот және басқа да бактерияларды алып тастайтын молекулалық тербелістерді құрайды.

Астанада немістің тот басуға қарсы технологиясы 6 ай бойы сынақтан өткізіледі

Жақын арада немістің Merus компаниясы өз жабдықтарын елімізде пайдалану тәжірибесін бастайды. Бұл туралы компанияның Қазақстандағы өкілдігі және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ ("ҚазОрталығы" АҚ) келісімге келді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Жасалған шартқа сәйкес, тараптар жылу құбырларын нығайтуға және пайдалану мерзімін ұзартуға арналған арнайы құрылғыларды орнату және сынақтан өткізу бойынша бірқатар шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр.

Германиядан келген өкілдердің айтуынша, Merus технологиясын көптеген жылдар бойы қолдану тәжірибесі жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылған кезде олардың тиімділігінің жоғарылығын көрсетті. Құбырдың айналасында орнатылған арнайы сақина құбырлардан және тиісті жабдықтан қақ, тот және басқа да бактерияларды алып тастайтын молекулалық тербелістерді құрайды. Жойылған бөлшектер құбырлардан жуылады, жүйенің бастапқы жоғары өнімділік сипаттамаларын қалпына келтіреді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл технология үйлер мен ғимараттардың жылыту және күтіп ұстау шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Жақын арада Merus өзінің жабдықтарын Астана қаласында 6 айдың ішінде пилоттық жоба ретінде пайдалану үшін жеткізіп, орнатады. Осы кезеңде мамандандырылған зертханалар тәжірибе техникалық және зияткерлік зерттеулерін жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу