Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада полиция қызметкерлері ойын клубынан ірі көлемде мүлік ұрлаған күдіктіні анықтап, ұстады.
Тергеу мәліметінше, күдікті аталған ойын клубында 2 жыл бойы әкімші болып жұмыс істеген. Сенімге кірген ол клубтан 8 PlayStation ойын құрылғысы мен бір теледидарды жасырын түрде ұрлаған. Артынша қолды қылған заттарды ломбардтардың біріне өткізген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу