Астанада оқушы қызды зорлаған автобус жүргізушісі сотталды

555

Қылмыс автобус салонында жасалған.  

Астанада оқушы қызды зорлаған автобус жүргізушісі сотталды Фото: inastana.kz

Астанада кәмелетке толмаған қызды зорлаған автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам №1 автопаркте жүргізуші болып жұмыс істеген. Қылмыс жасалған күні ол автобус салонында кәмелетке толмаған қыздың дәрменсіздігін пайдаланған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және оның заңды өкілінің жауабымен, психиатр-психологтар және сараптамалардың қорытындысымен, ұялы телефон арқылы куәгермен жазысқан хаттармен және куәгерлердің жауаптарымен дәлелденді.

Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 тармағы 1-тармақшасы бойынша 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты өзге де қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Қылмыскер енді қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда жазасын өтейді.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу