Зардап шеккен екі оқушыға медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Шабуылға қатысы бар жасөспірім профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына жіберілді. Ал оның ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Қазір полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр. Сондай-ақ мектеп күзетінің жұмысы тексеріледі.
Тергеу жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу