Астанада "Орталық Азия – Италия" саммиті кезінде көшелер жабылады

192

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ықтимал өзгерістерді ескере отырып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. 

Астанада "Орталық Азия – Италия" саммиті кезінде көшелер жабылады Фото: canva

Астанада 30 мамырда "Орталық Азия – Италия" форматындағы алғашқы саммит өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оған аймақ елдерінің мемлекет басшылары мен Италия Премьер-министрі Джорджия Мелони қатысады.

Іс-шараның өтуіне байланысты елордада бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Жол қозғалысын жабу мына учаскелерде жоспарланып отыр:

  • Сағат 11:00-ден бастап Нәжімеденов көшесі – Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін;
  • Аманжолов көшесі – Байтұрсынов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін;

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу