Астанада "Отбасы Time" жобасы ашылды

176

Жоба жазғы кезеңде әр демалыс сайын отбасылық демалысты тиімді ұйымдастыруға бағытталады. 

Астанада "Отбасы Time" жобасы ашылды Фото: Астана әкімдігі

Елордадағы қалалық алаң маңында "Отбасы Time" атты жобаның ашылуы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Халықаралық балаларды қорғау күнінде ашылған іс-шара ашық аспан астында ұйымдастырылып, алуан түрлі бағдарламамен жалғасын тапты. Алдымен жас өнерпаздардың мультхикаялардың кейіпкерлерімен бірге шеруі өтті. Дарынды балалар ән айтып, би билеп, бар өнерін ортаға салды.

"Жаздың алғашқы күні бала күлкісіне бөленіп, тамаша мерекемен басталады. Бүгінгі іс-шарада "Лимпопо" аниматорлары, "Алтын дән" би ансамблі, "Айналайын" хоры секілді бірқатар өнер ұжымы өз өнерін паш етті. Бұл жоба жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Әр демалыс күндері қала саябақтарында осындай мерекелік кештер ұйымдастырылатын болады", – деді өз сөзінде аталмыш жобаның жүргізушісі Мұхит Ташпенов.

Бүлдіршіндердің асыр салып, асыға күтетін мерейлі мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кішкентай тұрғындарды қуаныш пен шаттыққа бөледі. Іс-шараға қатысушылардың қарасы да көп болды.

"Мен Балалар күнін ерекше күтемін. Себебі ол күні ата-анамызбен серуендеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереміз. Биылғы мереке де шаттық пен қызыққа толы. Жаңа достармен таныстым, маған тегін аквагрим салып берді, өзіме қатты ұнады. Бізге осындай көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын", – деді елордалық кішкентай тұрғын Аяулым Естай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу