Астана қаласында 50 млн теңгеден астам қаржыны иемденген алаяқ 5 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бас прокуратураның мәліметінше, ол Instagram арқылы клиент тартып, онлайн-саудаға үйрету курстарын өткізген. Оқыту аяқталған соң тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, 10 пайыз табысқа уәде еткен.
Алайда, қаражатты алғаннан кейін уәдесін орындамай, байланысын үзген.
Мемлекеттік айыптаушы оның 10 эпизодтан тұратын алаяқтық қылмысын дәлелдеп, сот шешімімен ол бас бостандығынан айырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу