Елордалық прокурорлар шетелдік инвесторға көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Synosure компаниясы Қатардың инвесторы "Еlegancia Healthcare W.L.L." бірлесіп елорда аумағында инвестициялық жоба – медициналық хаб құрылысын іске асыруды жоспарлап отыр.
Бұл жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңгені құрайды, оны іске асыру 350-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Алайда, үшінші тұлғалар арасындағы сот дауларына байланысты инвестор 2 жыл бойы жер учаскесінің нақты жоспарын өзгерту мәселесін шеше алмаған.
Прокуратура органдарының көмегімен осы мәселе шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        