Астанада жалаңаш ер адам көшеде пышақ ұстап жүгірген

153

Ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.  

Астанада жалаңаш ер адам көшеде пышақ ұстап жүгірген Фото: Бейнежазбадан

Желіде Астанада ер адамның пышақ ұстап, балалар алаңында жүгіріп жүргені бейнеленген видео тарады. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейнежазба Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Оқиғаның Петров көшесінде болғаны айтылған. Видеоға іш киіммен жүрген ер адамның қатты айқайлап, дөрекі сөздер айтқаны түсіп қалған. Ол қолына пышақ ұстап балалар алаңының аумағында жүрген. 

Полицияның хабарлауынша, 39 жастағы күдікті ұсталды. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу