Астанада Республика даңғылының бір бөлігі жабылады

332

Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті.

Астанада Республика даңғылының бір бөлігі жабылады Фото: inbusiness.kz

8-10 қыркүйек аралығында Республика даңғылының Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаске жабылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр.

Жөндеу жұмысына байланысты 8-10 қыркүйек аралығында Республика даңғылының Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу