Астанада Республика күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

297

24-25 қазан күндері Астанадағы "Қазанат" ипподромында Республика күніне арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада Республика күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Фото: mos.ru

Іс-шарада Қарағанды мен Қостанай облыстарының өндірушілері өз өнімдерін саудаға шығарады. Екі өңірден жәрмеңкеге жалпы көлемі мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімі жеткізіледі.

Қарағанды облысы елордаға 583 тоннадан астам өнім әкелуді жоспарлап отыр. Оның ішінде:

· картоп – 310 тонна;

· ет өнімдері – 134,7 тонна;

· көкөністер – 80 тонна;

· бакалея өнімдері – 36 тонна;

· сүт өнімдері – 15 тонна;

· балық – 7,5 тонна;

· тауық жұмыртқасы – 310 мың дана.

Ал Қостанай облысы 100-ден астам атауды қамтитын 400 тоннадан астам өнім ұсынады. Тізімде:

· ет өнімдері – 49 тонна;

· сүт өнімдері – 31 тонна;

· жарма және макарон өнімдері – 30 тонна;

· шұжық пен еттен дайындалған жартылай фабрикаттар – 23 тонна;

· картоп пен көкөністер – 90 тонна;

· ұн – 40 тонна.

Сондай-ақ сауда сөрелерінен нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді, сусындарды, бал мен басқа да тауарларды табуға болады.

Жәрмеңкеге екі облыстан 140-тан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі мен кәсіпорын қатысады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – астана тұрғындарына сапалы азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну, отандық өндірушілерді қолдау және тауарларды делдалсыз, тікелей тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік жасау.

Жәрмеңке 24-25 қазан күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу