Астанада салынатын әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады

140

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.  

Астанада салынатын әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады Фото: www.nn-airport.kz

Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елорда әкімдігі қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Нұрлан Сауранбаев алдағы үш жыл ішінде Қазақстандағы барлық әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылатынын да атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астанада жаңа әуежай салу кейінге қалдыруға болмайтын маңызды міндет екенін айтып, жобаны барынша қысқа мерзімде іске асыруды тапсырған еді.

Қазір еліміз бойынша 10 мың шақырым автожол мен 124 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Автожол саласында 10 мың шақырым жол жөндеумен қамтылады. Сонымен қатар көлемнің жартысы кестеден бұрын орындалды. Аэрохабтарды дамыту жұмысы 6 ірі аэропорттарға бағытталған. Бұл ретте елордалық әуежайдың құрылысы басымдыққа айналады – жұмыстар келесі жылы басталады.

"Жүк авиациясын дамыту еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтеді, сондай-ақ халықаралық логистикаға қосуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан қажетті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар жүк авиациясын дамытуға арналған 5 жылдық жоспар әзірленді", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу