Астанада өз таныстарына тауарды арзанға сатқан қызметкер сотталды

318

Сауда үйінің қызметкері 10 танысымен қылмыстық келісімге келіп, тұрмыстық техниканы төмен бағамен сатып алу үшін жалған промокодтар рәсімдеген.  

Астанада өз таныстарына тауарды арзанға сатқан қызметкер сотталды Фото: gov.kz

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық қудалау органы алдын ала сөз байласу арқылы бір жыл бойы әрекет еткен алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, қылмысқа қатысушылар iPhone ұялы телефондарын, ноутбуктерді, теледидарларды, тоңазытқыштарды және басқа да электроника тауарларын сатып алып, оларды үшінші тұлғаларға сатқан.

Сауда үйіне келтірілген залал 473,6 млн теңгені құрап отыр. 

Қылмыстың барлық 10 қатысушысы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптар толық көлемде өтелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу