Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

370

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Астанада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды Фото: Inbusiness.kz

2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" 288 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 247 нұсқама берді.

Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

  1. "NAK development" ЖШС;
  2. "БазисДоСтрой" ЖШС;
  3. "КСМК-АФ" ЖШС;
  4. "DBK-Engineering" ЖШС;
  5. "Пропилон" ЖШС;
  6. "ANA Astana" ЖШС;
  7. "ППК" жобалау-құрылыс компаниясы" ЖШС;
  8. "X-clusive Qurylyus Group" ЖШС.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу