Астанада ШОБ топ-менеджменті бойынша тегін оқуға өтініштер қабылданып жатыр

1094

Астанада ШОБ топ-менеджменті бойынша тегін оқуға өтініштер қабылданып жатыр

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен шағын және орта кәсіпорындардың басшыларын "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" жобасы бойынша тегін оқытуды қолға алды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның мақсаты - табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамыту, шетелдік оқыту орталықтарын тарту арқылы стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешу.

Жобаға экономиканың басымдықты секторларында қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары қатыса алады.

Оқыту үш кезеңмен жүргізіледі:

- аудиторияларда топтармен үш күндік күндізгі дәрістер; онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен); бизнес-жоспарлар әзірлеу және бағалау.

Оқуды аяқтаған кәсіпкерлерге курсты сәтті меңгеріп шыққаны туралы сертификат табысталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу