Астанада Сирия келіссөзінің үшінші раунды басталды

685

Астанада Сирия келіссөзінің үшінші раунды басталды

13 наурызда Астанаға сириялық үкіметтің делегациясы БҰҰ САР арнайы өкілі Башар Джаафаридің төрағалығымен және Иран делегациясы СІМ басшысының орынбасары Хосейн Джабери Ансаридің төрағалығымен келген болатын.

Сирияның оппозиция және билік өкілдері,  Ресей, Түркия және Иранның халықаралық  делдалдары  екі күндік консультациялар  барысында  Сириядағы  "Джебхат ан-Нусра" және "Ислам мемлекеті"  лаңкестік топтары  бөлімдерінің қатысуы туралы бірыңғай картаны әзірлеуі керек.  

Айта кетейік, Ресейлік делегацияны  РФ президентінің  Сирия бойынша арнайы өкілі Александр  Лаврентьев басқарды. Ал  Түркияның  СІМ басшысы Седат Онал  Анкараны таныстырады.

Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов  Үкіметтік сағатта  14-15 наурызда  елордада  сириялық реттеу бойынша келіссөздер өтетіндігін айтты.  Сондай-ақ, ол Иордания  отырысқа  Сирияның оңтүстігіндегі "қарулы  оппозициялық  сирия тобы" өкілдерінің қатысуын қамтамасыз еткенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу