Астанада тұрғынның "SOS" батырмасы арқылы берген хабарламасынан кейін істен шыққан бағдаршам қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ер адам Дүкенұлы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында бағдаршам жұмыс істемей тұрғанын хабарлаған. Ақпарат тіркелген соң, оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел жетті.
Полицейлер ақау жойылғанға дейін жол қозғалысын реттеп, жүргізушілерге бағыт-бағдар берді. Қазіргі уақытта бағдаршамның жұмысы толық қалпына келтірілген.
Елордада тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "SOS" батырмасы тәулік бойы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осы жүйе арқылы полицияға 6 хабарлама келіп түскен. Барлық өтініш бойынша тәртіп сақшылары жедел әрекет еткен.