Астанада спортшылар Абай өлеңдерін оқып, челлендж бастады

375

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім етті.  

Астанада спортшылар Абай өлеңдерін оқып, челлендж бастады Фото: gov.kz

Астанада Абай күніне орай спорт саласының өкілдері қатысқан арнайы челлендж басталды. Бастамаға елорданың танымал спортшылары мен жаттықтырушылары қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты,

Челленджге қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқып, ұлы ақынның өздері ұнататын өлең жолдарын көпшілікке ұсынып жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың мақсаты – Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттап, оның шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру.

Айта кетейік, 10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Осыған орай елордада мәдени, білім беру және ағартушылық бағыттағы бірқатар іс-шара өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу