Астанада су тапшы – сенатор

Ертіс-Қарағанды арнасынан елордаға келетін су көлемі де азайып барады.  

Астанада су тапшы – сенатор

Сенатор Бибігүл Жексенбай өз депутаттық сауалында елорда тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары туралы айтты.

Қазіргі уақытта елордада су тапшылығы тәулігіне 30 мың текше метрді құрайды. Сенатордың айтуынша, әсіресе сол жағалауда үй құрылысының қарқынды салынуы оның басты себебі болып отыр. Шыңжаңдағы Қарайым өнеркәсіп орталығына Ертіс өзені суының берілуі де қосымша себеп болуда. Осылайша, Ертіс-Қарағанды арнасынан Астанаға келетін су көлемі де азайып барады.

"Сәтпаев каналы арқылы Ертістің суын елордаға бұру бойынша жобадан басқа да балама бағыттарды қарастыру керек. Суды бөлудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес, халықаралық құқыққа негізделген трансшекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін қолға алу керек. Су ресурстарын кешенді басқару саласындағы мамандардың білім деңгейін арттыру және білім беру жүйесінің әдістемесін жаңарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет", - деді сенатор. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу