Астанада сұлулық салоны өртеніп кетті

416

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астанада сұлулық салоны өртеніп кетті Фото: Бейнежазбадан

Астанада құтқарушылар СПА-салондағы өртті сөндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана қаласы Нұра ауданындағы Қ. Мұхамедханов көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдегі СПА-салонда өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен эвакуацияланды. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ күштерімен өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу